352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» іске қосылған 6 жыл ішінде арнаның өз аудиториясы қалыптасты

  • 147

Тәулік бойы жаңалық тарататын «Хабар 24» арнасының іске қосылғанына 6 жыл. Осы жылдар ішінде  ақпарат айдынында өзіндік орнын айшықтай білген арнамыздың  өз  аудиториясы қалыптасты.

Тың технологиялармен жабдықталған телеарнамыздың  төрткүл дүниенің төрт бұрышында  шетелдік қосындылары бар. Сонымен қатар арнамыз бүгіннен бастап жаңалықты жаңа маусымда жан-жақты тарқатататын болады. Яғни  жаңалықтарымыз әдеттегідей  енді жарты сағат емес 1 сағатқа ұзартылып, көзі қарақты көрермендерді қызықты материалдармен сусындатын болады.

Алты жылды артқа тастадық. «Хабар 24» арнасы мектеп кемесіне мініп, білім мұхитына сапарға шыққан баланың жасына келді. Қоңыр күзбен қатар келген білім күні оқу ошақтарында алғашқы қоңырау сыңғырласа, арнамызда жаңа маусым басталды.

Сонымен не өзгерді? Басты жаңалық - ол жаңалықтардың өзінде. Дәлірек айтсақ, бұдан былай басты ақпараттық арнада бір сағаттық шығарылымдар болып, «Хабар 24» көзі қарақты көрерменге сапалы телевизиялық өнім ұсынады. Журналистердің бірі баспасөзге шолу жасап, газет-журналдарда басылып шыққан ең қызықты әрі маңызды мақалалармен бөліседі. Енді бірі экономикалық жаңалықтар жайын баяндаса, халықаралық шолушылар жер-жаһандағы соңғы ақпараттарды таратады. Бастысы, мұның бәрі тікелей эфирде.

Ольга Цой, «Хабар 24» телеарнасының бас директоры:

- Бұдан былай жаңалықтар уақытына шектеу қоймаймыз. Яғни, әр сағат сайын көрерменге жол тартатын жаңалықтар топтамасының ұзақтығы бұрынғыдай 20 минут емес. Енді көрермендерді бір сағат бойы соңғы ақпараттармен таныстырамыз. Осылайшай құдды бір ақпараттық марафонды іске қостық деп айтуға болады.

Жаңа тележобалар да көгілдір экранның көркін қыздырады. «Шаршы метр», «Кемел қала», «Тексердік» бағдарламалары бұл көрерменге жол тартатын хабарлардың тек бір сыпырасы ғана.

 

Хабар 24. Халықтың көзі. Халықтың құлағы. Халықтың тілі. Жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, билік пен бұқараны байланыстырған алтын көпір. Өртеніп тұрған өзекті мәселені көтерген өткір репортаждар біздің арнада. Елдің тынысын әйгілейтін жас команда бар екенін білген абзал. Риясыз һәм боямасыз. Өйткені өмірдің өзі жаңалық.

Хабар 24 телеарнасы