352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Қазақстан облысында 1400 отбасы баспаналы болады

  • 91

Солтүстік Қазақстан облысында 1 мың 400 отбасы баспаналы болады. Өңірде мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 17 көпқабатты үй салынып жатыр.

Бұл мақсатқа ел қазынасынан 15 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Құрылыс қарқыны «облысты дамытудың 2018–2021 жылдарға арналған кешенді жоспары арқасында артып отыр. Ол бойынша тағы қандай салаларды оң өзгеріс күтіп тұр?  

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс қарқыны екі есеге артты. Мәселен, Петропавл қаласында жаңадан «Жас өркен» ықшам ауданы бой көтеріп жатыр. Тұрғын үйлердің құрылысына кәсіпкерлер де қосылды.

Владислав Лукин, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Сонымен қатар қалада кәсіпкерлердің көмегімен 4 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл 325 пәтер. Біз оларды Елбасының «7-20-25» бағдарламасы бойынша пайдалануға береміз. 

Бұл ықшам ауданда оқушылар сарайы да салынып жатыр. Тың технологияларға негізделген білім ордасында IT орталық пен 14 түрлі зертхана жұмыс істейді. Нысан биыл ашылады. Онымен бірге Петропавлда 1500 балаға арналған екі мектептің қазығы қағылды. Ауылдардағы оқу ошақтары да назардан тыс қалмайды.

Гүлмира Кәрімова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Келесі жылы СҚО-ның білім мекемелерінде 120 объектісі күрделі жөндеуден өткізу жоспарымыз болып отыр. Бұл өте үлкен сома және саны болып есептеледі. Өйткені, былтырғы жылдары біз жылына білім мекемелірнде 1-15 объектілерді жөндеуден өткізсек.Келесі жылы ол 10-15 есе артық болып отыр. 

Бұл Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарының бір көрінісі ғана. Ол сан саланың тамырына қан жүгіртеді. Солардың бірі кәсіпкерлік. Былтыр «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасымен 200 жоба жүзеге асты.  

Құралай Жарова, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

- Биыл қалалық тізімдемесін түзу үшін 74 млн теңге бөлінді. Онда инженерлік коммуникациялар мен жер телімдері туралы ақпарат ашық түрде жарияланады. Бұл кәсіпкерлердің көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік қанат жайса жұмыс күші керек. Ол бойынша 2021 жылға дейін оңтүстік облыстардан 3 мың отбасын көшіру көзделген. Мәселен, биыл олар үшін 600 тұрғын үй салынады.  

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы