352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында дала өрті өршіп тұр

  • 107

Көктем-жаз бойына әлсін-әлсін бас көтерген тілсіз жау қамыс-құрақ қурап күз түскен мезгілде күшейе түсті.

1 қыркүйек күні қала маңындағы Дамбы және Пешной ауылдарында  Жайық өзенінің жағасы өртке оранған болатын. Мамандар дереу іске кірісіп  екі тәулікте әзер 5 гектар аумақты жалмап үлгерген тілсіз жауды құрықтанғанды. Алайда күн желді болғандықтан өрт бүгін түсте тағы өршіп  жалын тілі 2 гектар алқапқа ұласты. Қазір өрт болған аумақта өрт сөндіруші мамандар жұмыс істеп жатыр.

Аслан Камалов, облыстық ТЖД бас маманы:

- Алдыңғы өртті сөндірген болатынбыз. Бірақ бүгін қайтадан өрт басталып өрттің басым бөлігі батпақты жерде болуына байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Өрттің себебі анықталуда, болжаммен тұрғындардың абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта 6 техника, 24 адам жұмыс жасауда.

Хабар 24 телеарнасы