352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 20 млн тонна астық жинау жоспарланып отыр

  • 98
Қазақстанда 20 млн тонна астық жинау жоспарланып отыр

2019 жылдан бастап елімізде егін жинау жұмыстарына арналған арзандатылған жанар-жағармайды электронды бөлу және өткізу тәжірибесі енгізілмек.

Биыл бұл пилоттық жоба Павлодар өңірінде сәтті жүзеге асты. Жалпы, Жамбыл және Түркістан облыстарында егін жинау науқаны аяқталып қалды. Биыл бұл өңірлердегі орташа түсімділік гектарына 21 центнерді құраған. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында астық әлі де орылып жатыр. Болжам бойынша биыл 20 млн тонна өнім жинау көзделген. Қуаңшылық жағдайға қарамастан, бұл жақсы көрсеткіш.

Естеріңізге салайық, 2016 жылы елімізде астық рекордтық мөлшерде жиналған. Ал өткен жылы 21 млн тонна өнімді місе тұттық. Мамандар техникалардың сақадай сай екенін айтып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы