352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудағы колледжде шетелдік компаниялар да мамандарын оқыта алады

  • 201
Атыраудағы колледжде шетелдік компаниялар да мамандарын оқыта алады

Атыраудағы жоғары техникалық колледжде жаңа оқу жылынан бастап шетелдік компаниялар да өздеріне қажетті мамандарды оқыта алады.

Мемлекет басшысының әлемдік деңгейдегі колледждер ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ашылған бұл оқу орны бүгінде мұнай-газ саласына мамандар даярлайтын бірегей жоғары техникалық білім ордасына айналды. Қазір мұнда мұнай-газ өндірісі және өте терең ұңғымаларды бұрғылау технологиясы, химиялық инжиниринг технологиясы, өндіріс пен кен алаңын электрмен қамтамасыз ету, күрделі қондырғылардың жұмысын бақылау-өлшеу технологиясы секілді аса қажетті мамандықтар оқытылады. Ал жаңа оқу жылынан бастап колледж Мальта және Швейцария жоғары техникалық оқу-орындарымен бірігіп маман даярлау жөнінде келісімшартқа қол қойды. Шетелдердің беделді оқу орындары профессорларының Атырауға келуіне байланысты енді әлемдік деңгейдегі компаниялар өз жұмысшыларын осында оқытпақ ниетте. Мамандарға әлемнің кез келген мұнай-газ кәсіпорнында жұмыс істеуге рұқсат ететін халықаралық сертификаттар беріледі.

Ермек Күзенбаев, жоғары техникалық колледж директоры:

- Бұған дейін компаниялар кадрларын Қазақстанда жұмысшы кадрлар жетіспеушілігіне байланысты Еуропаға жіберіп дайындап отырған болатын. Бүгіне «Апек Петротехниктің» базасында еуропалық, халықаралық стандартқа сай және еуропалық сертификат және диплом ала алатын кадрларды даярлауға мүмкіндік туып отыр. Айта кететін мәселе, осы шараны ұйымдастыру және де осы халықаралық стандарт бойынша білім беру компаниялардың көмегі есебінен жүзеге асырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы