369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 50 трансплантация операциясы жасалды

  • 144

Ақтөбенің медициналық кластер орталығында 50-трансплантация операциясы сәтті өтті.

Әпкесі туған бауырына бір бүйрегін беріп, ажалдан арашалап қалды. 2014 жылы өңірде органдарды трансплантациялаудың арнайы бағдарламасы жасалған еді. Сол уақыттан бері 38 науқастың бүйрегі, 12 адамның бауыры алмастырылды. Батыс аймақта мұндай күрделі операция тек Ақтөбеде жасалады. Облыстық көпсалалы аурахананың базасында замануи жабдықталған бөлімше ашылды. Басында Оңтүстік Корея мен Түркиядан хиругтер келіп жергілікті дәрігерлерге шеберлік сағаттарын өткізді. Бірнеше операция шетелдік мамандардың көмегімен жасалды. Қазір ақтөбелік дәрігерлердің өздері сәтті жасап жүр. Соңғы жылдары қайтыс болған адамның мүшесін трансплантациялау тәжірибеге енгізілді. Осы уақытқа дейін 8 бүйрек, 1 бауыр органы көз жұмған адамдардан алынған.

Надияр Мусин, «Ақтөбе медициналық кластері» орталығының бөлім жетекшісі:

- Өткен аптада біз көз жұмған адамнан трансплантация жасадық. Екі бүйрек алып, екі науқасқа салдық. Қазіргі жағдайлары орташа деңгейде. Олар емдерін алып жатыр. Бүйректері жасап тұр. Бәрі қалпына келе жатыр. Шетелдік әріптестерімен жұмыс істегенде, олар бізге келіп үйретіп және біздің мамандарды шетелге апарып сол жерде үйретеді.

Хабар 24 телеарнасы