352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ОСК: Қазақстан бойынша 83 бос округ құрылған

  • 125
ҚР ОСК: Қазақстан бойынша 83 бос округ құрылған

Орталық сайлау коммиссиясының мүшелері мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнын толықтыру туралы мәселені қарастырды.

Осыған байланысты ел бойынша тұтас алғанда 83 бос округ құрылған. Бұл туралы Берік Имашевтің төрағалығымен өткен отырыста айтылды. Осылайша 28 қазанда өтетін сайлау науқанына кейбір депутаттардың қатыспауына олардың тұрғылықты мекенжайын ауыстыруы, мемлекеттік қызметке қабылдануы, оставка туралы жеке өтініші, өзге елдің азаматтығын алуы және өмірден озуы сынды жағдайлар басты себеп болып отыр.

Айта кетейік, кандидаттарды ұсыну биыл 28 тамызда басталып, 27 қыркүйекке дейін жалғасады, ал оларды тіркеу жұмыстары 2 қазанда аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы