359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде астық жинау жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасуы мүмкін

  • 110

Қамбаға қанша астық құйылады, жиын-терім қай уақытқа дейін жалғасады.

Күзде күн тәртібінен түспейтін мәселе осы. Биыл астық жинау жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасуы мүмкін деген болжам бар. Әрине, жауын-шашын мұрсат берсе. Соңғы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарында орақ науқаны тоқтап қалды. Алдағы аптада күн ашық болса, диқандар іске кірісуге дайын. Елдегі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Ақпар Мәуленовтің айтуынша, биыл 15 млн гектар аумақтан астық жинау көзделген. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында бидай алқабы қысқартылған. Есесіне арпа, сұлы және майлы дақылдардың көлемі ұлғайтылып отыр. Ал күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 394 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Бүгінде әр облыс белгілі бір мұнай зауытына бекітіліп, кесте бойынша қажетті отынмен қамтамасыз етіледі.

Ақпар Мәуленов, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары/Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті:

- Биылғы болжанып отырған астық көлемі 20 млн тоннадан астам. Оның экспортқа кетеді деп болжанып отырған көлемі 9 млн тонна. Оның ішінде 6 млн тоннасы астықпен кетеді, қалғаны ұн түрінде кетеді. Кететін негізгі елдер сол бұрынғы нарық. Орта Азия, Ауғанстан, Иран, Қытай, Италияға тағы бірқатар мемлекеттер.

Хабар 24 телеарнасы