359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2019 жылы дәрігерлердің жалақысы 20%-ға дейін көтеріледі

  • 222

2019 жылдан бастап алғашқы медициналық көмек көрсету тарифын көтеру арқылы бейінді мамандардың еңбекақысы 20%-ға артады.

Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Елімізде бір дәрігерге 2 мыңға жуық адам қаралады. Яғни салада маман тапшылығы айқын байқалады. Жыл басынан бері 9 млн қазақстандық азамат алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген. Алайда соңы өлімге алып келетін кардиология, онкология сияқты аурулардың алдын алуға тұрғындар бей-жай қарайды. Биыл бүкіл республика бойынша 1 млн тұрғын ғана мамандар көмегіне жүгінген. Осы орайда елімізде шағын медициналық орталықтар санын арттыру жоспары бар. Ал жыл аяғына дейін халық түгелдей электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай паспортымен қамтамасыз етіледі деп айтты.

Хабар 24 телеарнасы