356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда күл-қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылды

  • 89

Алматыда өткен жылы қолға алынған ірі индустриалдық жоба іске асты.

Мемлекеттік әрі жекеменшік әріптестік аясында бүгін қаладағы индустриалдық аймақта күл-қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылды.

Зауыттың қуаты жылына 550 мың тонна тұрмыстық әрі қатты қалдықтарды өңдеуге жеткілікті. Мұнда италиялық озық технологиялар орнатылған. Өндіріс орнының ашылуына келген қала әкімі Бауыржан Байбек болашақта зауыт ауқымы кеңейіп, полиэтилен мен құбыр шығаратын қосымша цехтардың болатындығын айтты. 

Айбек Рахымов, басқарма төрағасы:

- Біз қатты қалдықтардың құрамын зерттейміз. Соған байланысты екінші кезең бойынша қайта өңдеу зауыты салынады.

Алматы үшін тұрмыстық әрі қатты қалдықтар мәселесі өте өзекті. Жыл сайын қалада 500 мыңға жуық тұрмыстық қалдықтар қала сыртындағы күресіндерге шығарылады. Ол өңірдің экологиясына қаншалықты зиян келтіріп жатқаны туралы талай айтылған. Сондықтан өзге елдердегі озық тәжірибені пайдаланып, қалдықсыз өнім өндіру ісі қолға алынып жатыр. Қазіргі кезде көпқабатты үйлердің аулаларында қоқыс тастайтын бірнеше контейнер қойылған. Тіпті қай ыдысқа қандай затты салу керектігі де жазылып қояды.

Гүлбану Сыдықова, эколог:

- Әрбір үйден шығатын қоқыс бөлек шығарылатын болса, істеп жатқан еңбегімізге қосқан үлес болар еді. Енді сол мәдениетті әрмен қарай насихаттауға, енгізуге тырысып бағамыз. 

Зауытта 600 адам еңбек ететін болады. Сұрыпталған күл-қоқыс қайта өңделеді. Келешекте мүнда тұрмыс пен құрылысқа қажетті 12 түрлі дайын зат шығару жоспарланып отыр.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы