352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ДСМ: Елімізде жыл басынан бері 40 ана өлімі тіркелді

  • 118

Жыл басынан бері елімізде 266 мың сәби дүние келген. Өкінішке қарай, 40 ана өмірімен қоштасты. Оның бесеуі Астана қаласының тұрғындары болған. Үкіметтің баспасөз жиынында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осындай ақпармен бөлісті.

Айтуынша, босанған әйелдердің өмірін сақтап, өлім жағдайын азайтуға қатысты қазір бірқатар шара қолға алынып жатыр. Министр медициналық мекемелерде олқылықтардың бар екендігін де жасырмады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Осы мәселе бойынша әкімшілік жағынан, медициналық көмекті ұйымдастыру жағынан олқылықтар болады. Осыған байланысты шаралар қабылданып, бас дәрігер жұмыстан босатылды. Аталмыш перинаталдық орталықтың және басқа клиникаларға, халықаралық шетелдік орталықтарға оқытуға жіберіледі.

Сондай-ақ министр белгісіз жәндік шағып қайтыс болған әйелге қатысты тергеу-тексеру жұмыстары басталып кеткенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз күні 28 жастағы әйел емханада дәрі егілгеннен кейін жағдайы нашарлап, көз жұмған болатын. Елжан Біртанов аталған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, осы жайттың тексеру барысы өз бақылауында екендігін жеткізді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бұл жағдайда қажетті сараптама өткізіледі. Тек қана біздің мамандар емес, құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс бастадық.

Хабар 24 телеарнасы