352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ана өлімі болған перзентхананың бас дәрігері қызметінен босатылды

  • 178
Астанада ана өлімі болған перзентхананың бас дәрігері қызметінен босатылды alev.biz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов босанған жас әйелдердің өлім жағдайларын азайту бағытында қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтып берді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Биыл біздің елімізде 266 мың нәресте дүниеге келді. Өкінішке қарай, 40 жағдайда әйелдер қайтыс болды. Соның ішінде 5 жағдай осы Астана қаласында тіркелді. Олардың төртеуі бірінші перинитальды орталықта. Өткен айда осы мәселе бойынша біз жағдайды бақылауға алып, қажетті комиссиямен тексерту өткіздік. Әрине, кейбір жағдайда кемшіліктер әкімшілік жағынан, жалпы медициналық көмекті ұйымдастыру жағынан олқылықтар болады. Осыған байланысты шаралар қабылданып, бас дәрігер жұмыстан босатылды», - деді министр.

Елжан Біртанов сонымен қатар перинитальды орталықтың және басқа клиникалардың мамандар халықаралық шетелдік орталықтарға оқытуға жіберілгенін атап өтті.

«Өздеріңіз көргендей, шетелдік мамандар да шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр. Әрине, әрбір жағдай өте өкінішті. Қайтыс болған әйелдердің ата-аналарына, туған-туыстарына көңіл айтқымыз келеді. Біз қажетті тексерістерді, сараптамаларды құқық қорғау органдарымен бірлесе өткіземіз. Расында медициналық стандарттарда бұзушылық болса, тиісті шараларды қабылданады», - деді ол.

 Астанада үш ай ішінде 5 ана көз жұмған

Дәрігерлер Астанадағы ана өліміне байланысты алдын ала диагнозды атады 

 

Хабар 24 телеарнасы