356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктінде болды

  • 145
ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктінде болды mfa.gov.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Кеген (Қазақстан Республикасы) - Кыркара (Қырғызстан Республикасы) автокөлік бақылау-өткізу пунктіне (БӨП) барды.

Аталған сапар Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Астанада қол жеткізген келісімдерін жүзеге асыруға, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктін маусымдық кезеңнен жыл бойы пайдалануға ауыстыру мүмкіндігін талдауға бағытталған.

Аталған өткізу пункті шекаралық бақылау-өткізу пунктерін жабдықтау жөніндегі нормативтік талаптарға сәйкес бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи техникалық бақылау құралдарымен жабдықталған. Жаз айларында 27 мың адам аталған өткізу пунктін кесіп өтті.

Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында 8 бақылау-өткізу пункті бар.

Мемлекет басшыларының Аухатты (Қазақстан Республикасы) – Кен-Булун (Қырғызстан Республикасы) және Сартобе (Қазақстан Республикасы) – Токмок (Қырғызстан Республикасы) атты екі бақылау-өткізу пунктерінің екі жақты мәртебесін көпжақтыға өзгерту туралы уағдаластықтары 2018 жылғы 17 тамызда VII Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңестің отырысында тиісті Хаттамаға қол қою арқылы жүзеге асырылды.

Бұл басқа өткізу пункттердегі жүктемені төмендетуге, сондай-ақ шетелдік туристерге Ыстықкөлге келуді ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. Аймақтық туристік бағыттарды дамыту екі ел үкіметтері басымдықтарының бірі болып табылады. Екі мемлекеттің аумағы арқылы өтетін Хан Тәңірі шыңына бағытталған туристік маршрут өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып табылады.

Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығының күн тәртібінде осы және басқа да түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мәселелер бар.

Ақпарат көзі: mfa.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы