361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Сарыарқа» экспедициясы Бурабайдағы Абылайхан алаңында мәресіне жетті

  • 136

16 күнге созылған «Сарыарқа» экспедициясы Бурабайдағы Абылайхан алаңында өз мәресіне жетті.

Құрамында 150-ге жуық мүшесі бар экспедиция осы жолы Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының көрікті жерлері мен киелі орындарын аралады. Қатысушылар бас-аяғы 4 жарым мың шақырымнан астам жол жүріп, төрт бірдей ұлттық табиғи паркті тамашалаған. Тіпті адам аяғы баспаған ерекше жерлерге де табан тірепті. Айта кету керек, аталған экспедиция  «Ұлы дала еліне саяхат» жобасының аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Ал биыл осы жоба бойынша елімізде 6 бағытта саяхат жасау жоспарланған.

Нұржан Алғашев, «Сарыарқа» экспедициясының жетекшісі:

- Тамаша-тамаша табиғи, мәдени маңызы бар жерлерді араладық. Таң қалатыны, мысалы, Ақжар деген тау Марс сияқты көрінеді. Сарыарқа даласында сондай таулар бар екенін бірінші рет көріп тұрмын. Негізі Сарыарқа даласы сондай әдемі".

Рашид Күзенбаев, «ҚазақТуризм» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:

- Алдағы уақытта енді екі экспедиция бар. Ол «Теңізден теңізге дейін» деп аталады. Үш аймақ арқылы өтеді. Ол Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облысы. Және тағы бір экспедициясымыз ол «Жаңа Жібек жолы» атты экспедиция. Ол Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары арқылы өтеді. Біз ойлаймыз, бұл жасалып жатқан жоба өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы