356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жылу құбырлары мен қазандықтар халықаралық банктен алған қарызға жаңартылды

  • 104

Ақтөбені жылумен қамтып отырған монополист компания жыл сайын жылу құбырының бірнеше шақырымын жаңартып, жаңа болат құбырлар жүргізіп жатыр.

Өткен жылы 4 шақырым жылу трассасы ауыстырылды. Коммуналдық кәсіпорын 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама жасаған. 

Биыл 3 шақырым жылу құбыры мен 2 қазандық халықаралық банктен алынған қарыз қаражаты есебінен жаңартылды. Тағы 2 шақырымды ауыстыру үшін тарифте қаралған ақша жұмсалды. Тозығы жеткен құбырларды біртіндеп ауыстыру нәтижесінде желіде болатын апаттар мен зақымданулар азайған. Ескі құбырлар көрсеткіші былтыр 65 болса, биыл 60 процентке дейін төмендеді. Ал бұрыңғы ескі қазандықтардың көбі жойылып, орнына жаңасы орнатылды.

Аманбай Сақиев, коммуналдық кәсіпорынның басқарма төрағасы:

- Бұрын осы «Шевченко» аумағында 4 қазандық, Кеңес Үкіметінен қалған қазандықтар бар еді. Соны жауып, міне өздеріңіз көріп тұрғандай, бір жаңадан қазандық салынды. Биыл жоспардағыдай бүкіл күрделі және ағымдағы жұмыстарды аяқтап жатырмыз. 12-13 қыркүйек күні ТЭЦ-пен бірігіп, гидравлика жасап, сол гидравлика қалай дайындалғанымызды көрсетеді.

Сараланған тариф енгізілгеннен кейін 5 жылға арналған инвестициялық бағдарлама жасалды. Осы уақыт ішінде желі мен қазандықтарды жаңғырту үшін 7 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Гүлнұр Масина, табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департамент жетекшісі:

- Мәселен, 2015-2017 жылдар арасында 4, 3 млрд теңгеге  18 шақырым жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылға 1, 4 млрд теңге қарастырылған. Соның ішінде 300 млн 1 шақырым ішкі қазандық жүйелеріне мен магистралдық жүйеге кетеді. 1,1 млрд «Авиогородок» және «Батыс» аудандарындағы қазандықтарды жөндеуге жұмсалады.

Желілерді жаңғырту энергия үнемдеуге мүмкіндік береді. Өткен жылы 19 пайыз немесе 1 млн теңгеден астам ақша үнемделген.

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Жылу маусымы басталғанда жеке пәтер иелері кооперативі жоқ, қараусыз қалған үйлер биліктің бас ауруына айналатын. Бұған дейін облыс орталығында 327 қараусыз үй болды. Былтырдан бері олардың жартысынан көбін басқарушы компанияларға бөліп берді. Қазір қалған үйлер бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы, қала үйлерінің 90 пайызы жылу маусымына дайын.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы