352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Ауғанстанда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» конференциясы басталды

  • 188

Елордада «Ауғанстанда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» өңірлік конференциясы басталды.

Маңызды іс-шара гендерлік теңдік қағидаттарын жаһандық деңгейде дамытуға бағытталған.

Басқосуға қай елдің өкілдері қатысып жатыр? 

Айнұр Ақылбайқызы, тілші:

- Алқалы жиынға Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Еуропалық Одақ, Қытай, Ресей, Үндістан, АҚШ мемлекеттерінен және БҰҰ-дан жоғары деңгейдегі делегациялар қатысып жатыр. Ал еліміздің атынан аталмыш іс-шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, сондай-ақ Үкімет мүшелері және Парламент депутаттары атсалысуда. Жалпы бұл өңірлік конференция Ауғанстан әйелдері мен қыздарына қатысты өзекті мәселелерді қозғап, барша әлем халықтары болып бірлесе қолдау көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ олардың олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін дамыту жайы басты назарда.

- Конференцияға қатысушылар қандай мәселелерге ерекше назар аудармақ?

Айнұр Ақылбайқызы, тілші:

- Бүгінгі жиын 3 сессиядан тұрады. Алдымен білім беру саласы талқыланбақ. Соңғы деректер бойынша Ауғанстан халқының 48,8 пайызын нәзік жандылар құрайды. Алайда олардың тек 12 пайызы ғана оқып жаза алады екен. Сондықтан бұл бағытты дамытуға баса назар аударылмақ. Одан кейін жиын барысында шағын және орта бизнеспен айналысатын әйелдерге қолдау көрсету мәселесі қарастырылады. Жиын соңында Ауғанстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы Астаналық декларациясы қорытынды құжатын қабылдау жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы