352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында күріш орағы басталды

  • 189

Биыл Сыр өңірінде 87 мың гектардан астам күріш егілді. Бұл өткен жылғы көлеммен салыстырғанда 3 мың 600 гектарға аз.

Дегенмен диқандар орташа өнімді былтырғыдан кем қылмауға тырысып жатыр. Орақ науқаны Қармақшыда басталды. Жиын-терімді салтанатты жағдайда бастаған еңбеккерлер,,,, егін науқанының келешегін дәстүрлі «Дала күні» семинар-кеңесінде талқылады. 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Биыл Дүр Оңғар ауылындағы шаруашылық 2 мың гектарға күріш екті. Шаруалар шамамен әр гектардан 70 центнерден айналдыруға ниетті.

Алтындай шағылысқан алқап дәнін шашпай-төкпей жинауға қаздай тізілген комбайндар кірісіп кетті. Жалпы облыс бойынша егілген күріштің 64 мың гектарының шығымы жақсы, 18 мың гектары орташа. Қалғаны қанағаттанарлық күйде. Ақ маржанды ору науқаны 10 қазанға дейін жалғаспақ. Дала жұмыстарына техникалар толық дайын. Жанар майдан тапшылық жоқ,-дейді мамандар. Биыл күріш алқабы көлемін азайтуға ауа райының қолайсыздығы сеп болғаны сөзсіз. Оның үстіне Сырдарияның деңгейі түсіп кетті. Сондықтан мамандар келер жолы осындай кедергілерді болдырмау үшін, жүйелі жоспар әзірлеп отыр.

Кешенді шаралардың ішінде өңірде су қоймасын салу секілді ірі жобалар да бар. 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Айта кетейік, жалпы биыл облыс бойынша 184 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған.

- Сыр өңірінде тағы қандай дақыл түрлерін өндіріске кеңінен енгізуге болады? Мұндай мәлімет бар ма? 

Әрине күрішпен аты әйгілі Қызылорда өңірінде соңғы уақытта мақсары өсіруге ерекше ден қойлған. Оның көлемі бүгінде 10 мың гектардан асып жығылады. Себебі одан сығылған майды шетелге экспорттауға жол ашылып отыр екен.

Хабар 24 телеарнасы