352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Жібек жолы дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді

  • 63
Астанада Жібек жолы дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді

Астана болашақта жаңа Жібек жолы аясында жүзеге асатын бағдарламалардың орталығы болуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін Жібек жолы елдері жастарының ынтымақтастығына арналған халықаралық конференцияда айтылды. Жиын «Ұлы Жібек жолы» экономикалық белдеуі бастамасының 5 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Үш күнге жалғасатын шараға қазақстандық және қытайлық компаниялардың  өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері және студенттер қатысады. Сондай-ақ басқосу аясында кинофестиваль және Жібек жолының дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді деп жоспарланып отыр. 

Чэн Лу Джун, коммуникациялық орталық жетекшісі /Қытай/:

- Біз Жаңа Жібек жолы жобасына жастарды көбірек тартсақ дейміз. Екі жақты ынтымақтастықтың берік болуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысып жатырмыз. Өзара  байланыс орнатудың ең тиімді жолы мәдениет деп есептейміз. Осы саладағы байланыс арқылы мемлекеттеріміз бір-біріне жақындай түседі. Ал бүгінгі конференция ойға алған жобаларды талқылауға жақсы мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы