363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде лифттегі адам өліміне қатысты сот талқылауы өтті

  • 95

Ақтөбеде адам өліміне себеп болған лифттің техникалық жағдайына жауапты қызметкер өз кінәсін мойындаған жоқ.

Іске қатысты бүгін басты сот талқылауы өтті. Онда серіктестік директоры Жанабеков пен лифт жөндеуші Ақжанов жауап берді. Оларға Қылмыстық кодекстің 306 бабының 3-бөлімі бойынша айып тағылғаны белгілі. Яғни күдіктілер 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, биыл сәуір айында лифтің кабинасы мен шахтаның арасында қысылып қалған Айзат Әбдісамат ауруханаға жетпей көз жұмған еді. Тексеру барысында жеделсатының техникалық жағдайы сын көтермейтіні анықталған болатын.

Айта кетері, қазір қалада 282 лифт болса, оның 113-інде тиісті техникалық құжаты жоқ. 

Айша Төлемісова, А.Әбдісаматтың анасы:

- Әділ жаза күтемін. Мен соттан әділ жаза күтемін. Жеделсатының үстінен қарайтын ПИК бастығын кінәлаймын. Себебі, жауап бергенде де көрдіңіздер, ешқандай жауапкершілік жоқ, тексеру жоқ. Ешқандай да материалдық, моральдық талабының қажеті жоқ. Менің баламның өліміне жауаптылар жазаланса деймін.

Хабар 24 телеарнасы