359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Емханада кезек күтіп шаршаған талдықорғандықтар әкімдікке шағымданды

  • 141

Талдықорған түбіндегі емханада кезек күтіп, тағаты таусылған тұрғындар бүгін өре түрегелді.

Олар аудандағы емдеу мекемесінің әбден ескіргенін айтады. Тіпті, шатқаяқтаған ғимарат бір күні құлап қалады дегеннен қорыққан дәрігерлер өзге өңірлерге үдере көшіп жатқан көрінеді. Осының кесірінен емханада ұзын-сонар кезек түзілген. Ақ халаттыларға көрінуге келгендер маман таппай сабылып жүр. Ал Денсаулық сақтау министрі емханаларда қордаланған бұл түйіткілді жақында шешеміз деп отыр.

Іргесі сөгіліп, қабырғасы қақ жарылған бұл емхана осыдан 60 жыл бұрын тұрғызылған. Салынғалы жөндеу көрмепті. Сөйте тұра ескірген емдеу мекемесіне төңіректегі тұрғындар тегіс ағылады. Тар дәлізге адам сыймай, ұзын-сонар кезек түзіледі. Қарбаластан әбден қажыған емделушілер қала билігінен жаңа емхана салып беруді талап етіп отыр.     

Еркін ауылындағы шатқаяқтаған бұл ғимаратта білікті дәрігерлер де  жұмыс істегілері келмейді. Өткен қыста емхананың пеші жарылып, күзетшісі күйіп қалған соң, мұндағы мамандар өзге өңірлерге жаппай көше бастаған. Ал қалғандары «сүреңсіз орында сапалы қызмет көрсету мүмкін емес», – дейді.

Назгүл Ақажанова, дәрігер:

- Осындай жағдайда жұмыс жасап жатырмыз. Мынаның іші ескі ғой, иісі шығып тұрады. Өте ауыр жағдайымыз.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердегі мұндай жағдайдан хабардар. Олар емханалардағы кезек мәселесін және маман тапшылығын жою үшін отбасылық емдеу орталықтарын салып жатыр. Қазірдің өзінде Астанада мұндай 3 кіші емхана ашылған.  

Ұлбала Өмірәлиева, Астана қ. «№4 қалалық емхана» ДСО меңгерушісі:

- Екі терапевт маман мен екі педиатор маманмен қабылданып, көмек көрсетілуде. Ешқандай маман тапшылығы жоқ. Қазіргі уақытта кезекке тұру, қабылдау мәселесінде ешқандай қиындықтар жоқ. 

Көпқабатты тұрғын үйдің түбінен ашылған бұл орталыққа 8 мыңнан аса адам тіркелген. Барлығы жақын маңда тұрады. Келушілер кезекке рет-

Жауапты минитстрлік отбасылық емдеу орталықтарын салудан бөлек, дәрігерлердің жалақсын көтеру мәселесіне де ерекше мән беріп отыр. Ведомство басшысы Елжан Біртанов келесі жылдан бастап бірінші кезекте учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы 20 пайызға көбейетінін айтты. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қазіргі күнде біз кадр тапшылығын жылдан-жылға төмендетіп жатырмыз. Шынын айту керек, жергілікті деңгейде немесе алыстағы ауылдарда мамандар жетіспейді. Осы мәселені шешу үшін біз жергілікті атқару органдарының негізінде түрлі-түрлі материалдық қолдау беріп жатырмыз.  

Министрдің сөзінше, олар дайындап жатқан жаңа жүйе дәрігерлердің жүктемесін де азайтуға септігін тигізеді. Жоспар бойынша, әуелі сұранысқа ие мамандарға басымдық беріледі, ал науқастар сирек қаралатын дәрігерлер бірден қысқартылады. Сол кезде ведомство басшысы кезек күткен адамдар саны да анағұрлым азаяды дегенге кәміл сеніп отыр.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ермек Кеншінбек

Хабар 24 телеарнасы