356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда тіл мәселесі талқыланды

  • 134
Алматыда тіл мәселесі талқыланды

Латын әліпбиі негізінде жасалған жаңа емле ережелерінің жобасы қыркүйек айының соңында қоғамның талқылауына ұсынылады.

Бұл туралы Қазақстан халқының тілдері күніне орай өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. «Жаңа ережеге сәйкес, қазақ тіліндегі көптеген термин сөздердің жазылуы тілдің табиғатына сай өзгерді», - дейді мамандар. Бұл дыбыстың айтылуы мен жазылуы арасын жақындатып, тіл үндестігін сақтауға мүмкіндік береді.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры:

- Дәл қазіргі кезде бізде үлкен тілдік реформа іске асырылуда. Кезінде қазақ тілі дүние жүзінде ең әуезді тілдердің қатарына енген. Бүкіл түркі халықтарының ішінде ең тұнық, ең таза, ең бай, ең көне тіл деп есептелген. Қазіргі тілшілердің ең басты мақсаты міндеті – Ахаңның іліміне оралу.

Әлімхан Жүнісбек, филология ғылымдарының докторы:

- Бұрынғы емле-ережелер кириллицаға байланысты жасалған еді. Ал енді кирилл таңбасының бізге онша үйлеспейтін жайттары болды. Артық  емле-ережелер болды. Енді қазір латын әліпбиіне байланысты емле-ереженің ұлттық үлгісін дайындадық десек дұрыс айтқан боламыз. Бірнеше баптан тұратын емле қазір дайын. Көп ұзамай көпшіліктің қолына тиеді.

Хабар 24 телеарнасы