361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

  • 209
Түркістанда ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Шараға түркітектес халықтардың өкілдері қатысты.

Оларға халықаралық ұйым жайлы арнайы түсіріліген бейнефильм мен қылқалам шеберлерінің туындылары көрсетілді. Сондай-ақ мерекелік жиын барысында жазушылар мен аудармашылардың конгресі және түркітілдес халықтардың дәстүрлі опералық фестивалі болды. «Осындай игі шаралар түркі халықтарын рухани тұрғыдан жақындатып, мәдениет пен өнер саласында тәжірибе алмауға ықпал етеді», – дейді шараны ұйымдастырушылар. Түркі халықтары жаһандану заманында алпауыт елдерге жұтылып кетпей, ұлттық кодын, өзіндік ерекшеліктерін, мәдениеті мен руханиятын сақтап қалу үшін өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлігін бекемдей түсуі керек. Ұйым алдағы уақытта да түркі халықтарының арасындағы туыстық байланыстарды одан әрі тереңдете түспек. Салтанатты жиын соңында Түркістан облысының әкімдігі мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.

Асқар Тұрғанбаев, Қазақстанның ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі:

- Түркістанды таңдау себебіміз, өткен жылы Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Сонымен қатар тағы бір жақсы жаңалық, жақында ғана Түркістан облысы атанып, орталығы Түркістан болды.

Хабар 24 телеарнасы