352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық білім басқармасы «Ақша жинауға қарсымыз» акциясын бастады

  • 163
Елордалық білім басқармасы «Ақша жинауға қарсымыз» акциясын бастады uralskweek.kz

Астананың білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинауға қарсы акция басталды.

Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астана қаласының Білім басқармасы «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, елордалық білім беру ұйымдары арасында «Ақша жинауға қарсымыз» акциясын ұйымдастыруда. Акцияның бірінші қадамы ретінде назарларыңызға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат туралы ақпарат және заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрығының көшірмесі ұсынылып отыр», - деп жазды басқарма басшысы.

Елорданың білім беру мекемелерінде заңсыз әрекеттерге тап болған азаматтар 55-68-83, 55-68-73 телефондарына хабарласып, шағымдана алады.

Хабар 24 телеарнасы