361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда көгілдір отын мен ауызсу бағасы арзандады

  • 153
Атырауда көгілдір отын мен ауызсу бағасы арзандады

Атырауда көгілдір отын мен ауызсу бағасы төмендеді.

Бірақ бұл монополист кәсіпорындардың өз еркімен жасаған игі ісі емес. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Атырау облыстық департаменті жүргізген тексерулерден кейін монополистер бағаны төмендетуге мәжбүр болған.

Бекен Әлирахым, Twitter@a.beken

– Аяқ астынан су мен газдың бағасының арзандауы тұтынушылар үшін жағымды жаңалық болды. Әрине бұл жақсылық бостан-босқа жасала салған жоқ. Мәселен, халықты көгілдір отын мен қамтамасыз етуші «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жұмысын тексеру кезінде департамент мамандары бірқатар кемшілікті анықтаған. Соның бірі – тұтынушылардан негізсіз жиналған 30 миллион теңге. Бұл – компанияға келген заңсыз кіріс. Осы қаржыны кері қайтару үшін газ тасымалдаушы компанияға көгілдір отын бағасын біршама уақытқа дейін арзандату жөнінде шешім қабылданды. Қазір 1000 текше метр газдың бағасы 1721 теңге 26 тиынды құрайды. Яғни 3 пайызға арзандады. Суға қойылған тарифте өзгеріс бар. Бұл мекеме 139 млн теңге көлемінде заңсыз кіріс алған. Сондықтан «Су арнасы» мекемесі де бір жыл бойына тарифті өзгерте алмайды. Бұрын судың әр текше метрі 101 теңге 33 тиын болса, қазір 97 теңге 5 тиын болды. Яғни 5 пайызға дейін арзандады.

Тұтынушылардың естеріне сала кетейін, бұл – заңды тұлғалар емес, тек тұрғын үйлерге ғана арналған тариф. Ал кәсіпорындар судың әр текше метріне 307 теңгеден 316 теңгеге дейін төлейтін болады. 

Жазда тұтынушылар біршама қиындық көргені рас. Жуырда ғана монополияға қарсы департаменттің мұрындық болуымен Атырау жылу электр орталығы инвестициялық жобаларын көрсетіп, журналистер үшін пресс-тур өткізген болатын. Сол кезде орталықта жүргізілген төртінші модернизациялық жобаларымен таныстырды. Орталық басшыларының айтуынша, қазір қысқы маусымға құбыр желісі мен қажетті қондырғылардың 92 пайызы қысқы маусымға дайын. Кәсіпорын қаладағы 867 көпқатарлы түрғын үй және Балықшы, Нұрсая, Береке мөлтек аудандарын қосқанда, 941 үйге жылу жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар осы айдың 25-не дейін аяқталады деген уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы