352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда еріккен полицейлер жұмыстан қуылды

  • 108

Ақтауда электромобильмен ойнақтап, көңіл көтерген полицейлер жұмыстарынан қуылды.

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті қызметтік тексеріс нәтижелерін жариялады. «Екі полицей тәртіптік жазаға тартылып, жұмыстарынан босатылды», – делінген ресми мәлімдемеде. Еске салайық, әлеуметтік желіде қос полицейдің су жағасында қызметтік электромобильмен ойнақтап жүрген видеосы жарияланған еді. Мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы