356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында жолда мал қағу оқиғасы азайған

  • 109

Арал маңындағы жолдарда малдармен байланысты оқыс жағдайлар саны екі есеге азайған.

Айталық, былтыр осы сипатта 53 оқиға тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 24-ті құрап отыр. Жолдағы өлімнің азаюына облыстық ішкі істер департаменті себепші болған. Құқық қорғаушылар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолы бойында орналасқан елді мекен тұрғындарына үй жануарларының мойынына түнгі уақытта көзге көрінетін жарық сымдарын ілуді ұсынған. Жаңашылдық оң нәтижесін беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы