369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Тұран даңғылындағы қозғалысқа уақытша шектеу қойылды

  • 130
Елордада Тұран даңғылындағы қозғалысқа уақытша шектеу қойылды astana.gov.kz

Тұран даңғылындағы қозғалысқа 25 қыркүйекке дейін жартылай шектеу енгізіледі.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ және Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірге 5 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскедегі Тұран даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс туындырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.

Хабар 24 телеарнасы