352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар тұрғындары мейрамхана салып жатқан кәсіпкерге қарсы шықты

  • 82
Павлодар тұрғындары мейрамхана салып жатқан кәсіпкерге қарсы шықты

Павлодар қаласындағы көпқабатты үш үйдің тұрғындары ойын-сауық орнының құрылысына қарсылық танытып жатыр.

Азаматтар жер учаскесінің өкілдері жайқалып жатқан 60-тан астам ағашты рұқсатсыз құлатып, ғимаратты салуға кіріскенін айтып, дабыл қақты. Тұрғындар санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормалары бұзылғанын айтады. Мәселен, өрт қауіпсіздігі ережесіне сай мұндай ғимараттар тұрғын үйден 9 метрлік ара қашықтықта орналасуы тиіс. Бұған қарамастан, құрылыс басталып кеткен екен. Мәселеге қатысты, сала мамандары кәсіпкер 608 шаршы метрлік жерді заңды түрде сатып алғанын айтыпты.

Бейбіт Кенжебайұлы, қала тұрғыны:

– Әрине, қарсымыз. Үшқабатты кмейрамхана тұрғызайын деп жатыр. Мына жерде ішімдік болады. Бір емес, екі кішкентайымыз бар. Бұл жерде шу болады, қарсымыз.

Кирилл Ефремов, қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің бас маманы:

– Бүгінгі күні Павлодар қалалық прокуратурасы тарапынан құрылыс нысанының заңдылығы ережелерін тексеріп, олқылықтарды жою бойынша ұсыныс жасалды. Әзірге құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Мәселенің мән-жайы анықталады.

Хабар 24 телеарнасы