359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар ең аз қимылдайтын халықтар тізіміне енді

  • 256
Қазақстандықтар ең аз қимылдайтын халықтар тізіміне енді sofamatch.com

Қазақстандықтар әлемдегі ең аз қимылдайтын халықтар тізіміне енді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың жүріс-тұрыс белсенділігі бойынша 168 елде жаңа зерттеу жүргізген екен.

Нәтижесін тарқатсақ, 55 мемлекетте тұрғындарының үштен бірі спортпен шұғылданбайды екен. Ал Қазақстанда 18 жастан асқан жасөспірімдердің 27 пайызы дене шынықтыруға қатыспайды. Ал салауатты өмір салтын ұстанатын елдер тізімінде – Уганда мен Мозамбик алғы шепте. Жалпы әлемде ер жеткен әрбір бесінші адамның физикалық белсенділігі жеткіліксіз екен. Осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып отыр. Биыл 27 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы аясында жұқпайтын аурулар бойынша жоғары деңгейдегі үшінші кеңес өтеді. Осы форумға қатысушылар физикалық белсенділікті арттыру жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық жоспарын талқыға салады.

Хабар 24 телеарнасы