356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Банк клиентінің шоттағы ақшасын доллардан теңгеге аударып жіберген

  • 175
Банк клиентінің шоттағы ақшасын доллардан теңгеге аударып жіберген Sbankin.com

Ұлттық банк клиенті болған әйелдің шотындағы қаражат еуро түрінде шешіліп, теңгемен қайтарылды.

Бұл туралы әйел өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Сіздермен басымнан өткен оқиғамен бөліскім келіп отыр. Бүгін түнгі сағат 3.39-да менің Qazkom картамнан белгілі сомадағы ақша шешілді. Алайда мен оны байқамағанмын, түнде ұйықтап жаттым. Таңертең 09.19-да менің картама ақша түсті деген хабарлама келді. Мен бұған қатты таңғалдым. СМС-терді ашып қарағанда түнде келген хабарламаны көрдім. Алайда қаражат мультивалютті картадан еуро түрінде шешіліп, басқа картаға теңгемен қайтарылды. Мен Call-орталыққа жарты сағат дегенде әрең хабарластым. Ондағы менеджер банктердің қосылуынан түрлі оқиғалар болатынын айтты. Біреулерден ақша шешілсе, кейбіріне аяқ асты түсетінін, алайда оны жүйе көргеннен кейін қайтадан қайтарылатынын жеткізді. Мен үшін бұл кішігірім сабақ болды. Алайда сіздермен қоштасамын. Бүгін біздің 18 жылдық қарым-қатынасымыз аяқталды», деді ол Facebook желісінде жазбасында.

 «Ал ақшамды картадан шешіп алдым. Түнде тағы да «қыдырып» кетіп жүрсе», деп толықтырды ол өз сөзін.

Хабар 24 телеарнасы