359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысы өнеркәсіп өндірісі бойынша алдыңғы қатарда келеді

  • 107
Қарағанды облысы өнеркәсіп өндірісі бойынша алдыңғы қатарда келеді

Қарағанды облысы Қазақстан экономикасын өрге сүйреген бірден бір өңір. Өйткені бұл аймақ елімізде өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша алдыңғы қатарда.

Биыл аймақтың өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 4,5 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Қаңтар мен шілде аралығында аймаққа тартылған инвестиция көлемі 30 пайызға өсті. Сондай-ақ облыстың ауылшаруашылық саласы да қарқынды дамып келеді. Былтырғымен салыстырғанда биыл бидай экспорты 10 мың тоннаға өсті. Сатылған ұнның көлемі де 21 мың тоннаға артық. Былтыр шаруалары 5 жарым мың тонна зығыр саудалаған. Биыл оның көлемі 6 мың алты жүз тоннаға жетті.

Хабар 24 телеарнасы