359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрық портынан 2 млн 607 мың тонна жүк өткен

  • 104
Құрық портынан 2 млн 607 мың тонна жүк өткен

Маңғыстау облысындағы Құрық паром кешені қолданысқа берілгеннен бері 2 млн 607 мың тонна жүкті шетел асырды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған жаңа порттың жұмысы қарқынды. Қазақ астығы, мұнайы мен тыңайтқышы тәулік бойы Каспий маңы елдеріне жөнелтіліп жатыр. Қазақстанның екінші теңіз қақпасына 620 кеме аялдаған. Бір мезгілде 5 паром қабылдайтын айлаққа Қытайдан транзиттік тауарлар теміржолмен келеді. Құрықта су көлігіне тиеліп Түркияға, одан әрі Еуропаға таралады. Кері бағытта темір, жиһаз және азық-түлік тиелген вагондар Азия елдеріне жол тартады.

Талғат Оспанов, «Құрық порты» ЖШС бас директорының орынбасары:

- Қазір жұмыс өте көп. Қазір біздің рейдте 4 кеме тұр. 500-ге жуық вагон өздерінің кезегін күтіп тұр. Оның ішінде көмір, астық, мұнай өнімдері және Қытайдан транзиттік жүктер өздерінің кезегін күтіп тұр. Бір кемеге 48-52 вагон тиеліп, Бакуға жөнелтіледі.

Хабар 24 телеарнасы