352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күрежолдың пайдасы орасан

  • 71
Күрежолдың пайдасы орасан

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің Қызылорда облысындағы бөлігі 2021 жылға қарай ақылы түрде қызмет көрсететін болады.

Ол үшін Түркістан және Ақтөбе облыстарымен шекаралас бөлігінен екі өткізу бекеттерін салу жоспарланып отыр. Халықаралық жолдың 812 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді. Оның бойында 48 көпір, 14 жол айрығы мен 83 мал өткелі салынды. Бүгінде күрежолдағы көлік ағымы тәулігіне 9 мыңға жеткен. Оның 800-ден астамы жүк тасымалдаушылар. Ал жол бойы бизнесіне құйылған инвестиция 4,5 миллиард теңгені құраған. Автобан бойындағы заманауи үлгідегі сервистік кешендердің саны 24-ке жетті. Бұл кәсіпкерлік нысандарында шамамен мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жалпы облыс аумағында жоба бойынша 41 сервистік кешен ашылуы тиіс.

Қайрат Әбсұлтанов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:  

- Ақылы негіздегі алдын ала деректемелері бойынша, «ҚазАвтоЖолдың» бірінші санатқа ақылы төлемде көрсететін төлемақы бөлек есептеледі де, екінші санатқа жататын автомобиль жолдарының ақылы түрде қызмет көрсететін жолдары басқаша төменгі бағамен есептеледі деп алдын ала есептемелері бойынша қабылданып отыр, деректемелері бойынша.

Хабар 24 телеарнасы