352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда шіркеу тонаған ұры ұсталды

  • 53

Қарағандыдағы рим-католик шіркеуін белгісіз біреулер тонап кетті.

Ол ғимаратқа емін-еркін кіріп, 200 мың теңгені алып, тайып тұрған. Ақша оңай жерде сақталыпты. Алайда қылмыскерлер ұзаққа қашқан жоқ. Тәртіп сақшылары оны қолға түсірді. Енді ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Жанатай Сембеков, облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы:

– Белгісіз адамның шіркеу ғимаратынан өзіне тиесілі 193 мың теңгені ұрлап кеткені жөнінде шіркеу қызметкері полицияға шағымданған болатын. Жедел іздестіру шаралары барысында қаланың 33 жастағы тұрғыны анықталып, қолға түсті. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы