359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада өзбек асханасының көрмесі өтеді

  • 77
Елордада өзбек асханасының көрмесі өтеді Гастроном

Қазақстандағы Өзбекстан туризмі жылы шеңберінде 8 қыркүйек күні сағат 12.00-ден 19.00-ге дейін қалалық әкімдіктің алаңында өзбек гастрономиялық және ұлттық асханасының көрмесі өтеді.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Іс-шараны Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастыруда.

Көрме қонақтарына шырайлы Өзбекстанның бас асханасы мен Қазақстан халқының ұлттық тағамдары ұсынылатын болады. Атақты бас-аспазшы дәстүрлі ұлттық тағамды дайындау бойынша шеберлік сағатын көрсетіп, шеберлігінің құпиясын ашатын болады.

Көрмеге келушілер дәмді тағамнан дәм татып, ыстық тандырдан шыққан күрең қалаштан сарқыт алуларына болады. Сонымен қатар қонақтардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылады.

Бұдан басқа, шығыс жәрмеңкесі мен «Ас иесімен тәтті» лотереясы ұйымдастырылатын болады. Онда ересектер мен балалар үшін сыйлықтар ойнатылады.

Хабар 24 телеарнасы