352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да өз әріптесін атып өлтірген полиция қызметкері тұтқындалды

  • 104

Батыс Қазақстан облысында өз командирін атып тастаған мамандандырылған күзет батальонының инспекторы қамауға алынды. 

Оқыс оқиға Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының алдында кеше кешкі бестер шамасында болған. Марқұм мен күдіктінің арасындағы келіспеушіліктен кейін сержант табельдік қаруымен командирін жеті рет атқан. 32 жастағы жәбірленуші жедел жәрдем келіп жеткенше сол жерде көз жұмған. Осы оқиғаға байланысты қазір Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік қызметі мен әкімшілік полиция комитетінің өкілдерінен арнайы комиссия құрылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Мақсотхан Әбләзімов, облыстық ІІД бастығы:

- Ол мамандандырылған күзет қызметіне қарайды. Бұл тікелей әкімшілік полициясы комитетіне қарайды. Аудандық ішкі істер басқармасының басшысы жауапты емес, бұлардың қаруы біздің кезекшілік бөлімде сақталады. 7 рет атылған: желке тұсынан, арқа тұсынан, бел жағынан және басынан. Қазір тергеу жүргізіледі, мән-жайдың бәрі анықталады.

Хабар 24 телеарнасы