352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Армия-2018». Қазақстандық әскерилер үздіктер қатарында

  • 139
«Армия-2018». Қазақстандық әскерилер үздіктер қатарында

«Армия-2018» халықаралық әскери ойындарында қазақстандық әскерилер үздіктер қатарынан көрінді.

Жалпы командалық есепте 32 мемлекеттің ішінде жүлделі 3-орынға тұрақтады. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осы жарыстың қорытындысы бойынша өткен жиында жауынгерлік даярлықты арттыра түсуге тапсырма берді. Сосын мергендер жұбының «Алтын үкі-2018» додасында топ жарған сарбаздарды марапаттады.

Биылғы армия халықаралық әскери ойындарында қазақстандық әскерилер 11 медальға ие болды. Оның төртеуі – алтын. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жарысқа кіл мықтылар қатысқан. Біздің жауынгерлер де кәсіби біліктілерін көрсете білді. Десе де, шеберлік дағдыларын артыра түсу қажет. Ведомство басшысы осы бағыттағы шараларға баса назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ жиын барысында «Алтын үкі-2018» мергендер жұбы сайысында үздіктердің қатарын көрінген сарбаздардың қызметіне табыс тіледі. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

– 14 776 әскери бөлімінен қатысқан жауынгерлер халықаралық сынақта бірінші орын алды. Шетелден келген өкілдер біздің әскерилердің жауынгерлік дайындығына жоғары баға берді.

Қорғаныс министрінің айтуынша, бұл әскери ойындардағы жетістік әскери қызметшілердің жауынгерлік мүмкіндіктерін ғана тексеріп қоймайды. Сондай-ақ қызметте жоғарылауға жол ашады.

Еламан Әбішев, 14776 әскери бөлімінің қызметкері:

– Осы тиампатлоннан қатысып жүргеніме төртінші жыл. Мәскеу қаласында жоғары орындардан көрініп жүрміз. Көп тер төгілді. Сол дайындығымның арқасында Қорғаныс министрлігінен бірінші дәрежелі «Ер қорғаны» медалін алып отырмыз.

Бұл әскери ойындар ынтымақтастықтың жаңа символына айналды. Жыл сайын оған қатысушы елдер қатары артып келеді. Бұл тәжірибе алмасуға, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынасты нығайта түсуге үлес қоспақ.

Хабар 24 телеарнасы