361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның жемқорлыққа қарсы тәжірибесі Венада таныстырылды

  • 152

Қазақстан Венадағы халықаралық конференцияда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі өз тәжірибесімен бөлісті.

Шараға жиын саны 147 елдің өкілі қатысты. Қазақстан делегациясын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов бастап барды. Халықаралық сарапшылар саладағы Қазақстанның тәжірибесін жоғары бағалады.

Қазақстан БҰҰ-ның Венадағы бөлімінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің өзіндік үлгісін ұсынды. Жауапты ведомство төрағасының орынбасары Олжас Бектенов атқарылған жұмыстар мен алдағы жылдарға арналған жоспар туралы баяндады. Қазақстан биыл электронды үкіметті дамыту бойынша  БҰҰ-ның рейтингісінде Австриямен бірге 193 елдің арасында 25-орынға тұрақтады. 

Олжас Бектенов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

– Елбасының тапсырмасымен мемлекеттік қызметте фактор-балл шкаласы енгізіліп жүр. Ол тиімді жұмыс үшін жалақының өсуі мен жыл сайынғы бонустар төлеуді қарастырады. Қазіргі кезде сынамалық жоба 4 мемлекеттік органда өтіп жатыр. Бұл – біздің Агенттігіміз бен Әділет министрлігі, және Астана мен Маңғыстау облысы әкімдіктері. Сынамалық жоба оң нәтижесін көрсетті. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы айтарлықтай өсті.

Австрияға сапары барысында, қазақстандық делегация сыбайлас жемқорлыққа қарсы маман дайындайтын халықаралық академияға барды. Сонымен қатар агенттік өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және БҰҰ-ның есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жетекшілерімен екіжақты кездесулер өткізді. 

Олжас Бектенов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары:

– БҰҰ басшыларының бірі Димитрий Власис Қазақстанға 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конгрессін өткізуді ресми түрде ұсынды. Бұл – 5 жылда бір рет өтетін маңызды халықаралық шара. Менің ойымша, бұл осы салада аймақта көш бастап тұрғанымызды көрсетуге және өз жетістіктерімізді әлемге паш етуге жақсы мүмкіндік болар еді.

Қазақстан БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенция шарттарын әрі қарай орындауға ниетті және алдағы жылдары әлемдік озық тәжірибені заңнамаға енгізуді көздеп отыр.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы