352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ҰҚКҰ әскери-экономикалық ынтымақтастығының отырысы өтті

  • 165
Алматыда ҰҚКҰ әскери-экономикалық ынтымақтастығының отырысы өтті

Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымына мүше мемлекеттер әскери-экономикалық ынтымақтастығының ХVI отырысы өтті.

Халықаралық жиынның елімізде өтуінің өз себебі бар. Биыл Қазақстан осы ұйымға төрағалық етіп отыр. Жиында тараптар мемлекеттер арасында әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы әріптестікті нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады. Жиналғандар қауіпсіздік пен қорғанысты күшейтуде әскери өндіріс орындарының да әлеуеті зор десті. Сондықтан ұйымның келесі отырысы әскери мақсаттағы өнімдерді шығаратын өндіріс орындарының жұмысына арналмақ.

Валерий Семериков, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы бас хатшысының орынбасары:

– Қазақстан Президентінің жетекшілігімен қазақстандық тарап төрағалықты қабылдау барысында өз басымдықтары қатарында әскери-экономикалық әріптестікті дамыту және әскери-өндірістік кәсіпорындарды интеграциялауды ұсынған болатын. Соған сәйкес осы мәселе бүгін жиында жан-жақты талқыланды. 

Аманияз Ержанов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:

– Қорғаныс өнеркәсібінде біздің кәсіпорындар осы ұйымға кіретін мемлекеттермен тығыз жұмыс істеуде. Жақсы жобалармен келісімшартқа қол қойылған. Осы саланы стандарттау, әскери саланың және де ғылыми зерттеу, тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды ары қарай арттыру, сонымен қатар өндірісті дамыту мәселелері қаралып, бүгінгі комиссияның отырысында өз шешімдерін тапты.

Хабар 24 телеарнасы