361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада Астана күндері өтіп жатыр

  • 106

Мәдени бағдарламалар шымылдығын елорданың қуыршақ театры «Мәңгілік бала бейне» спектаклімен ашты.

Сондай-ақ 14 өңірді аралап шыққан «Ақ тілекпен Астана!» көрмесі де қызылордалықтар назарына ұсынылып отыр. Мұнда 50 танымал отандық суретшінің 100 үздік туындысы қойылған. Сонымен қатар астаналық шеберлердің қолөнер туындылары мен мүсіндерін тамашалауға болады. Көрмеге келушілер қылқалам шеберлерінің өнеріне, шығармашылық әлеуетіне өз бағасын да беріп жатыр. Айта кетейік, бұл коллекцияны Тәуелсіздік сарайы ұсынып отыр. Астананың Сыр бойындағы мәдени күндері аясында «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт өтеді.

Бақытбек Алпысбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі:

- Қазір Астана бүкіл дүние жүзін таңқалдырған қандай қала болып отыр. Сөйтіп кеше ғана сәби Астана болған Астанамыз, қазір 20 жасқа келіп, құлпырып, бүкіл еліміздің қуанышына айналып отыр. Мұндай өнер байланыстары бізге өте қажет. Жиі-жиі болып тұрса екен деп тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы