361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда ата-аналар балабақша кезегін интернетте бақылай алады

  • 119

Атырауда енді балабақша кезегіне жазылу үшін білім беру бөліміне барып табалдырық тоздырудың қажеті жоқ.

Қалалық әкімдік тиісті электрондық порталды іске қосты. Арнайы сайт арқылы ата-аналар өз кезегін онлайн арқылы бақылай алады. Қазіргі таңда Атырау қаласында 42 мемлекеттік балабақша бар. Ол мекекелерде 13 мыңнан астам бүлдіршін тәрбие алып жатыр. Ал балабақша кезегінде 25 мыңға жуық бала тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы