363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендіктер қала күнін атап өтіп жатыр

  • 105

Облыс орталығының 298 жылдық мерекесін тойлауға қала жұртшылығы көп жиналды.

Тұрғындар  назарына «Күзгі тарту» атты ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұсынылды. Сонымен қатар жұрт асыға күтетін дәстүрлі «Бал фестивалі» де өз есігін айқара ашты.

- Бал фестивалі қалада жыл сайын өтеді екен, соған қарағанда сіздерде балға деген сұраныс жоғары болып тұр ма?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Өлкеде балға деген сұраныс жоғары, мамандардың болжамынша жылына бал тұтынылады екен. Қыс болсын, жаз болсын әр дастарханнан бал түспейді. Сондықтан «Бал фестивалі» қашан да маңыздылығын жоғалтқан емес.

Қала күнін тойлап жатқан өскемендіктерге күздің тартуы көп болды.Әсіресе ең тәтті жәрмеңкеге жиналғандар қатары баршылық.Сөреде толып тұрған, қызғыл, ақ, сары, қоңырқай түсті ара өнімдері тұ ынышылар таңдауына ұсынылды. Бал дертке шипа,ең пайдалы тәтті,сондықтан қыс жақындап қалғанда барлығы бал қорын қамдап қалуға тырысады.Жалпы бұл жерге тонна бал және бал өнімдері әкелініпті. Қатонқарағай, Зырян, Глубокое, Шемонайха, Үржар аудандарынан жиналған тәттілердің дәмі де тіл үйіреді.

- Бейбіт мырза Бал фестивальіне сонау 700 шақырым жолдан келіпсіз,қанша бал әкелдіңіз бұнда таңнан бері тұрсыз, өтімі қандай? 

Бейбіт Әміренов, «Бал фестиваліне» қатысушы:

- Енді жер шалғай болса да Күршімнен келіп тұрмыз.Пароммен бергі бетке жеткіздік, 100литрдей өнім әкеліп отырмыз.Бал фестивальіне жылда қатысамыз ғой, жылда өтіп кетеді, сондықтан биыл да жақсы сауда болады деп ойлаймын.

Балдың қасиеті бәрімізге белгілі, ал сіздің балыңыздың ерекшелігі неде? Күршімде шөптің түр -түрі өседі, сондықтан оның тозаңын жинаған ара да жаман бал бермейді.

- Рахмет. Мінеки қала күні осылайша тәтті шарамен басталды.  

- Өткенде қала күні мерекесінде ірі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді деп хабарлаған едіңіздер, ол шара барысы қалай?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де уәде етілгендей бүгін өтіп жатыр.

Жеміс-жидек көкөністері бар жалпы тонна өнім әкелініпті. Қысқа әлі қамданып үлгермегендерге тағы бір мүмкіндік туды. Өздеріңіз білесіздер, өңірде қыс ұзақ, оның үстіне бұл өнімдердің бағасы шарықтап шыға келеді. Ал қазір нарықтан 10-15 пайыз арзан сатылуда.

Қала күні спорттық шараларға да толы,ал кешке тұрғындар әдемі отшашу тамашалайды.

Хабар 24 телеарнасы