353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда заңсыз сақталған қару-жарақты қабылдау шарасы аяқталды

  • 95

Биыл облысқа бұл жұмысқа 11 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, толық игерілген.

Акция барысында 123 өтініш тіркелді. Жергілікті тұрғындар полицейлерге 6 айда 204  қару мен 13 600 дана оқ өткізген. Тапсырылған әр қаруға техникалық жағдайына қарай 20 мыңнан  240 мың теңгеге дейін сыйақы төленді. Оның көлемін арнайы комиссия белгіледі. Ал заңсыз қаруды өз еркімен өткізген тұлғалар заң алындағы жауапкершіліктен босатылды.

Қанат Құрманалиев, облыстық ІІД ӘПБ  бөлім инспекторы:

- Қарудың жағдайына қарап экспертиза жүргізіледі. Жағдайына қарап бағаланады. Жылдан жылға қару бірліктері өткізілген азайып жатыр. Бұрындары көп болатын. 3-4 жыл шамасында өткізілуде акция. Қазіргі таңда ақша сыйақы таусылуына байланысты тоқтады.

Хабар 24 телеарнасы