352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда республикалық ата-аналар конференциясы өтті

  • 392
Алматыда республикалық ата-аналар конференциясы өтті

Баланы тәрбиелеймін десең, ең алдымен өзіңді тәрбиеле.

«XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясында осындай пікір айтылды. Іс-шара бүгін Алматының барлық мектептерінде өтті. Республикалық конференцияда баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды нығайту сынды өзекті тақырыптар талқыланды. Сосын баланың мектепке бейімделуіне атсалысып, оның өзіне сенімді болып өсуі үшін дұрыс тәрбие беру жайы айтылды. Конференция кезінде ата-аналар арнайы сауалнамаға жауап берді. «Бұл сауалнама арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың қандай деңгейде екенін білуге болады», – дейді мамандар. Жалпы, биыл қалада 240 мыңнан астам оқушы партаға отырды. Соның ішінде 25 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

Манар Темірғалиева, №156 ЖБМ директорының орынбасары:

- Мұғалім, ата-ана және оқушы тығыз қарым-қатынаста болмай, біз оқушының сапасын жоғары дәрежеге көтере алмаймыз. Білім тәрбиесіз берілмейді. Яғни бірінші орында тәрбие тұрады.

Ғафура Мұхамедқалиева, ата-ана:

- Баланы әкеп тастап, тек мектепке тапсыру міндет емес. Отбасымызбен келіп, жиналыстарына қатысып, сауалнамаларын толтырып, психологтармен, әлеуметтік педагогтармен отбасылық жағдайдың бәрін талдап тұрамыз. Жиналыстардан қалмаймыз. Мектептің ішіне көмегімізді аямаймыз.

Хабар 24 телеарнасы