356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында полиэтилен өндіретін зауыт салынады

  • 106
Атырау облысында полиэтилен өндіретін зауыт салынады

Жобаның жалпы құны 6 жарым млрд долларға бағаланған.

Құрылыс кезінде 3 мың адам жұмыспен қамтылады, ал кәсіпорын қолданысқа берілген соң 500 қызметкерді тұрақты жұмысқа алу жоспарда. Зауыт жылына 1,2 млн тонна полиэтилен өндіреді. Бұл туралы «ҚазИнвест» ұлттық компаниясының басшысы Сапарбек Тұяқбаев пен Қазақстандағы Австрия елшісінің кеңесшісі Рудольф Таллер арасындағы кездесу кезінде мәлім болды.

Рудольф Таллер, ҚР Австрия елшісінің кеңесшісі:

- «ҚазақИнвест» басшысымен өткен кездесуде Қазақстандағы инвестициялық климат жайында біраз ақпарат алдым. Біз бұл елмен ІТ және қаржы салаларында өзара ынтымақтастық орнатқымыз келеді. Қазір Қазақстандағы бір жобаға австриялық компания қызығушылық танытып отыр. Келіссөз сәтті өтсе, жобаны жүзеге асырамыз.

Хабар 24 телеарнасы