361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында бюджет қаржысын игеруде заңбұзушылықтар анықталды

  • 161

Есеп комитеті Атырау облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының игерілуіне қатысты бірақатар кемшіліктер мен заңбұзушылықты анықтады.

Атырау облысы – Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі бойынша бірінші орында тұр. Өнеркәсіптік өндірістің дамуы, шетелдік инвестицияларды тарту көрсеткіші жөнінен де жетекші орында келеді. Донор аймақ саналатын Атырау республикалық бюджетке де елеулі үлес қосып отырғаны белгілі. 

Есеп комитетінің кезекті отырысы Атырау облысына бөлінген Республикалық бюджеттің жұмсалу барысына арналды. Жиында мемлекеттік аудиттің қорытындысы шықты. Нәтижесінде аймақта бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды іске асыруда экономикалық қорытынды жасалмаған. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, білім және коммуналдық тұрғын үй нысандарын салу кезінде құрылыстың нормативтік мерзімдері сақталмаған. Өңірде медициналық кадрлар тапшылығының өсуі байқалады, бұл халыққа тегін көрсетілетін медициналық көмек сапасының және қолжетімділігінің төмендеуіне әкеледі. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтің айтуынша, кемшіліктердің кейбірі аймақтағы экономикалық жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты. Республикалық бюджеттің орындалу барысындағы жағдайлар үшін әкімшілік сөгіс пен ескерту алды.

Серік Шапкенов, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары:

- Аудит қорытындысы бойынша облыс әкімшілігі кемшіліктер мен заңсыздықтарды жоюға бағытталған іс-шараларын бекітті. Әрбір басқармамен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Қызметкерлерден қателіктер кеткенін білеміз. Оларға қатысты тиісті шаралар қабылдаймыз. Жыл соңына дейін нақты кесте бойынша кемшіліктерді жоямыз.

Серік Шапкенов аталған келеңсізіктерге қатысты аймақта арнайы комиссия құрылғанын атап өтті. Атырау облысындағы бірнеше миллион теңгенің кемшіліктері біртіндеп жойыла бастады. Қазір жұмыстың 93 пайызы орындалған. Атырау облысы әкімдігіне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша тапсырмалар берілді.

Авторы: Қанат Базылхан

Хабар 24 телеарнасы