359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жыл басынан бері ЖКО салдарынан екі жеткіншек көз жұмған

  • 128
Семейде жыл басынан бері ЖКО салдарынан екі жеткіншек көз жұмған

Семейде жыл басынан бері мектеп және колледж оқушыларының қатысуымен 43 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 жеткіншек көз жұмған.

Осыған байланысты білім ордаларының маңайында бақылау күшейіп, жол апаттарының алдын алу шаралары өткізіліп жатыр. «Мақсат – тек қана оқушыларға жадынама таратып, кездесулер өткізу емес, ата-аналардың да пікірлеріне құлақ асу», – дейді мамандар.

Азамат Есімбеков, жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

- Осыны өткізу кезінде 120 әкімшілік хаттама толтырылды. Осы шара бойынша мектеп ұжымдары мен мектептегі инспекторлар және жас сарбаздар бар, солармен бірлесе отырып жұмыстар өткізіп отырмыз. Бұл шара осымен тоқтамайды, жыл бойы жүргізіле береді.

Хабар 24 телеарнасы