369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы жылу орталығында жаңғырту жұмыстары жүргізілді

  • 115

Aлдағы үш жылда қалада жылу бағасы қымбаттамайды.

Кезең-кезеңімен жүргізілген жаңғырту Рудныйдың жылу-энергетикалық орталығына осындай мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпорындағы жөндеу жұмыстарына соңғы екі жылдың өзінде 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Рудныйдағы тау-кен байыту комбинатына қарасты жылу орталығында өткен жылы 1 млрд 200 теңге игерілді. Жаңғырту жұмыстары биыл да жалғасын тауып, 800 млн теңге бөлінді. Қаражаттың бір бөлігіне су жылыту қазандығы жөнделді.

Батырхан Жұмабаев, су жылыту қазандығының шебері:

- №5 су жылу қазандығы жөндеуден өтті, қазіргі сәтте екінші, үшінші бөліктерде жұмыс жүріп жатыр. Қазір біздегі қазандықтардың бәрі дұрысталған, жылу маусымына дайын.

Қазіргі таңда жылу-энергетика орталығының алдағы маусымға дайындығы 85%. Отын қоры жеткілікті. Инвестициялық бағдарламалар арқасында кәсіпорындағы стратегиялық маңызға ие бөлімдер жаңа жабдықтармен әкелініп, тозғандары ауыстырылды. 

Олег Әбілқайыров, ЖЭО директоры:

- Жылумен қамтамасыз ететін №3 бу турбинасының цилиндрін әзірлеу жұмыстары жүргізіп жатыр. 2019 жылы біз оның цилиндрін ауыстырамыз. Яғни жаңа қондырғы орнатылады.

Жылыту мекемесі кеншілер кентіндегі 750 көпқабатты ғимаратты, оның сыртында іргелес ауылдардағы үш мыңға тарта жеке үйлерді қамтиды. Жаңғырту жұмыстары тұрғындардың қалтасына салмақ түсірмейді. Соңғы жылдары Рудныйда жылу бағасы тұрақты тұр.

Мәлік Мадияров, облыстық Монополияға қарсы департаменттің басшысы:

- Қостанаймен салыстырғанда төменірек. Бір гигакалория тұрғындарға 4000 мың теңгеден. Ол басқа елді мекендермен салыстырғанда да орташа деңгейде деп айтуға болады.

Бекітілген бұл тариф 2021 жылға дейін сақталады. Одан әрі 3% көтерілмек. Оған дейін баға тек отын қымбаттаса ғана өзгеруі мүмкін. Алайда әзір ондай қауіп жоқтығын айтады мамандар.

Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедьяров

Хабар 24 телеарнасы