356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Алматы маңындағы демалыс орындары тынығушыларға 6,7 млрд теңгенің қызметін көрсеткен

  • 130
Биыл Алматы маңындағы демалыс орындары тынығушыларға 6,7 млрд теңгенің қызметін көрсеткен

Биыл жазда Алматы облысының ең танымал демалыс аймақтары тынығушыларға 6,7 миллиард теңгенің қызметін көрсеткен.

Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 есе көп. Шомылу маусымы кезінде Алакөл жағалауы мен Балқаш көліне және Қапшағай су қоймасына барып демалғандардың қатары 1 миллион 400 мың адамға жеткен. Жыл аяғына дейін Жетісудың туризм аймақтарына баратындардың қатары 2 миллионға жуықтап, оларға көрсетілетін туристік қызметтің жалпы құны 10 миллиард теңгеге жетеді деген есеп бар.

Жанар Алшымбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңда ресейлік туристердің саны артты, яғни ресейлік нарықта Алакөлге сұраныс көп. Сол себепті біз ресейлік әріптестермен келісіп, келесі жылға чартерлік рейс қоспақшымыз.

Хабар 24 телеарнасы