359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында жеке мектептер мен жатақханалар салынады

  • 161

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында Сыр өңірінде студенттер үйі мен мектептер салынады.

Бұл мақсатқа бизнес өкілдерін тарту – Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасындағы тапсырмалардың бірі. Ал оны іске асыру жолдары Қызылордада өткен семинар-кеңесте талқыланды.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

– №2 «Мұрагер» мектебі – облыстағы үздік білім ұяларының бірі. Бұған дейін білім бәйгесінде бәс бермеген оқу ордасы биыл бірінші сыныпқа қабылданған оқушылар саны бойынша да рекорд бұзып отыр.

Бұл мектептің табалдырығын биыл 624 оқушы алғаш рет аттады. Олар 21 сыныпты құрады. Шамамен әр сыныпта 30 баладан бар. Ал санитарлық талапқа сай әр сыныптағы бала саны 24-тен аспау керек. Мамандардың пікірінше, жыл сайын бірінші баратын оқушылар санының артуы, мектеп тапшылығы мәселесіне әкеп соқтыруы мүмкін. Түйткілді тарқатудың жалғыз жолы жаңадан оқу ошақтарын салу керек. Бұл ретте бизнестің белсенділік танытуы маңызды.

Майра Меделбекова, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Келер жылдан бастап білім туралы заңдағы 6 жастан баратын балалар нормасы күшіне енеді. Ол кезде біз енді қазір 3 ауысымдық мектептердің туындау қауіпі бар. Енді мұның бірден-бір мемлекет тарапынан қойылып отырған талап – жекеменшік мектептерді дамыту арқылы шешу.

Мемлекеттік тапсырыс аясында жатақханалардың да жұмысын жүйелеу жоспарда бар. Өңірге 1,5 мың орынды 5 студенттер үйі қажет. Оның екеуінің құрылысы мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы салынып жатыр.

Майра Меделбекова, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Бір жатақхана 400 орындық болады, екінші жатақханамыз 200 орындық. Бұл жерде кәсіпкерлер қазір өзінің келісімін беріп отыр, жұмыс басталды, енді құжаттарымыздың бәріне қол қойып, келесі жылға дейін әрі қарай өздеріміздің жоспарымызбен жұмыс жасайтын боламыз.

Талғат Матаев, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Мемлекет қазір мемлекеттік тапсырыс арқылы әр жататын орынға жаңа құрылыс болса, 122 айлық есептік көрсеткіш төлейді, ал модернизацияға, болмаса қайту құру, реконструкция тәсілімен жасалатын болса, 47 айлық есептік көрсеткіштер студент басына төленеді. Одан басқа жатақханаларды біз бұрынғы жатақхана ұғымында емес, қазіргі жаңа ұғымда студенттік үйін жасау керек деп ұсыныс айтып жатырмыз.

«Бұл бастаманың тиімді тұсы көп», – дейді мамандар. Мемелекет пен кәсіпкерден бөлек, игілігін оқушы мен студент көреді. Бизнес дамиды, мектеп пен жатақхана жетіспеушілігі жойылады. Осылайша әлеуметтің әлеуеті оңала түседі.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Канат Енсебаев, Руслан Айтманбетов

Хабар 24 телеарнасы